Жаңалықтар

Руслан Желдібай Президенттің Самарқан саммитіндегі мәлімдемесін түсіндірді

Бұл туралы желідегі парақшасында жазды
Руслан Желдібай Президенттің Самарқан саммитіндегі мәлімдемесін түсіндірді
Фото: Ақорда 11.11.2022 16:49 1666

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Самарқанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіндегі Президенттің мәлімдемесіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды El.kz

"Самарқанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бүгінгі саммитінде барлық мемлекеттің территориялық тұтастығын қолдау және БҰҰ Жарғысын сақтау туралы Президенттің бүгінгі мәлімдемесіне қатысты БАҚ-тан сұрақтар келіп түсіп жатыр.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы бұл мәлімдемені Солтүстік Кипр Түрік Республикасына Түркі мемлекеттері ұйымында бақылаушы мәртебесін беру туралы өтінішіне орай жасағанын атап өткім келеді.

Қазақстан БҰҰ Жарғысын және халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын дәйекті түрде ұстанады. Президент бұл жөнінде бірнеше рет айтқан", - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға