Жаңалықтар

Рудныйлық полицейлер аса ірі мөлшерде есірткі тәркіледі

Өңірде “Рефлекс” операциясы жүргізілуде
Рудныйлық полицейлер аса ірі мөлшерде есірткі тәркіледі
Фото: polisia.kz 25.11.2022 15:05 633

Рудныйлық полицейлер аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өңірде “Рефлекс” операциясы жүргізілуде, оның шеңберінде полицейлер заңсыз айналымнан есірткі мен психоактивті заттардың синтетикалық түрлерін тәркілеуге назар аударады.

ЖААІШ бүкіл ел бойынша 3 қазаннан бастап өткізілуде және желтоқсан айына дейін жалғасады.

"ЖААІШ шеңберінде Рудный қаласындағы бөлімшемен 32 жасар әйел ұсталып, қамауға алынды. Оның үйінде тінту барысында зип қалташаларға оралған 45 грамнан астам синтетикалық есірткі тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған адам ҚР ҚІЖК-нің 128-бабының тәртібімен Рудный қаласының УҰИ-ға қамауға алынды", – деді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Аят Қартбаев.

Полиция департаментінде жыл басынан бері заңсыз айналымнан 197 келі түрлі есірткі, оның ішінде екі келіден астам синтетика тәркіленгенін хабарлады.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға