Жаңалықтар

Роза Бағланова атындағы халықаралық вокалдық байқау басталды

Іріктеуде 48 өтінім қабылданып, финалға 21 орындаушы өтті
Роза Бағланова атындағы халықаралық вокалдық байқау басталды
Фото: z-taraz.kz 02.12.2022 10:24 1048
Астанада Қазақстан мен КСРО Халық әртісі, Халық қаһарманы, әнші Роза Бағлановаға арналған халықаралық вокалистер байқауы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
Финалға шығу үшін Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Татарстан, Польша, Болгария, Қырғыз Республикасы және Беларусь республикаларынан 21 талапкер бақ сынайды, деп хабарлайды мәдениет және спорт министрлігі.
 
12 қазан мен 20 қараша аралығында онлайн форматта өткен іріктеуде 48 өтінім қабылданып, финалға 21 орындаушы өтті. Байқау жеңімпазы 3 желтоқсанда өтетін финал мен Гала-концерт кезінде белгілі болады.
 
Конкурсқа эстрада жанрында өнер көрсететін 18-35 жас аралығындағы вокалистер, республикалық және халықаралық конкурстардың, телевизиялық вокалдық конкурстардың қатысушылары, мәдениет және өнер саласындағы жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға