Роналду дегеніне жетті: «Әл-Насрға» жаңа бас бапкер тағайындалды
«Әл-Наср» клубының бас бапкері Руди Гарсияның қызметінен кететіндігі туралы ақпараттың тарағаны сол екен, араға бірер күн салып бұл шындыққа айналды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Сауд Арабиясының ұжымы бұл қызметке бұған дейін команданың 19 жасқа дейінгі ұжымын жаттықтырып келген Динко Еличичті тағайындады. Бұл туралы клубтың twitter-дегі парақшасында хабарланды.
«Әл-Наср» мен Руди Гарсия өзара келісімшартты бұзды. Француз маманы араб клубының тізгінін 2022 жылғы жазда алған болатын. Енді бұл қызметті бұған дейін команданың жастарымен жұмыс істеген Динко Елечич атқарады.
Mr. Dinko, on his first day 💛 pic.twitter.com/yqUrLOBovW
— AlNassr FC (@AlNassrFC_EN) April 13, 2023
Естеріңізде болса, клубтың жұлдызды шабуылшысы Криштиану Роналду бапкердің тактикасына көңілі толмайтыны хабарланған болатын. Себебі Криштианудың командасы алдымен Суперкубокке талас жолынан шығып қалса, енді ішкі біріншілікте чемпиондық атақтан да үміт үзуі мүмкін.
Португалиялық футболшы «Әл-Наср» клубының сапын толықтырды. Оның жылдық табысы 200 млн долларға тең.