Жаңалықтар

Рим Папасы Бенедикт XVI дүниеден өтті

Ол 95 жасында қайтыс болды
Рим Папасы Бенедикт XVI дүниеден өтті
Фото: ria.ru 01.01.2023 12:30 1149

31 желтоқсан күні Рим Папасы Бенедикт XVI дүниеден өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құрметті папа Бенедикт XVI бүгін таңғы сағат 9:34-те Ватикандағы Матер Экклесиа монастырында қайтыс болғанын қайғы-қасіретпен жариялаймын, - деді Ватиканның ресми өкілі Маттео Бруни.

Неміс кардиналы Джозеф Ратцингер папа тағына 2005 жылы өзінен бұрынғы Иоанн Павел II қайтыс болғаннан кейін отырды. Кейін ол Бенедикт XVI есімін алды. 2013 жылы жасы мен денсаулығына байланысты тақтан түскен болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға