Жаңалықтар

Республикалық маңыздағы 10 күре жол жабық

Республикалық маңыздағы 10 күре жол жабық
Фото: baq.kz 23.02.2023 14:00 940

7 өңірде жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Республикалық маңыздағы 10 күре жол жабық. Ауа-райының қолайсыздығына (боран, көрудің шектелуі), жасанды жолмен қар көшкінін түсіру және еріген қар суын бұру жұмыстарын жүргізуге байланысты Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарындағы республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыс шектелді", - деліннген хабарламада.

Жоғарыда аталған өңір тұрғындарын алыс сапарға және жабылған күре жолдарға шықпауға шақырамыз. Ауа - райы болжамы мен тасжолдардағы ахуал туралы хабарламаларды ескеру қажет.

Штаттан тыс жағдай туындаса 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалуға болады.

Құбылмалы ауа-райына байланысты жіберілген  sms-хабарламаларды елемей, жолға шыққандарға Заңға сәйкес 30 AEK немесе 103 500 теңге айыппұл салынып, 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға