Жаңалықтар

Республика күніне орай конференция ұйымдастырылды

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция нәтижелері бойынша мақалалардың электрондық жинағы шығарылатын болады
Республика күніне орай конференция ұйымдастырылды
Фото: ҒЖБМ Ғылым комитеті 22.10.2022 12:48 2493

ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті Рамазан Сүлейменов атындағы Шығыстану институты «Жаңа Қазақстан һәм Шығыс әлемі: ынтымақтастық тарихы, болашағы және өзекті мәселелер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді, деп хабарлайды El.kz.

Конференция Республика күніне орай және мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауы аясында ұйымдастырылды. Мақсаты Қазақстан мен Шығыс елдері арасындағы тарихи-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, саяси, діни, сондай-ақ өркениет және мәдениетаралық қарым-қатынастардың аспектілерін жан-жақты талқылау, проблемалары мен перспективаларын қарастыру.

Төмендегі бағыттар бойынша конференция материалдарының жинағын жариялау жоспарланды.

- Қазақстан, Орталық Азия мен Шығыс елдері халықтарының тарихы, діні және мәдениетіне қатысты жаңа шығыс және батысеуропалық  жазбаша, мұрағаттық, ауызша материалдар, артефактілер;

- Қазақстан мен Шығыс елдерінің экономикалық, саяси және мәдени ынтымақтастығы саласындағы сыртқы саяси трансформациялар;

- Қауіпсіздікті нығайту мен СВМДА, ШЫҰ, ЕҚЫҰ және ИЫҰ тәрізді ұйымдармен серіктестік қатынастарды дамытудағы қазақстандық бастамалар контексіндегі «Шығыс-Батыс» және «Солтүстік-Оңтүстік» диалогы;

- Жібек жолы дамуының тарихи-мәдени және әлеуметтік-экономикалық аспектілері;

- Геосаяси шиеленісушілік пен жаһандық қауіп-қатердің өсімі жағдайындағы Азия кеңістігінің қауіпсіздігі;

- Өзгермелі әлем дамуының салдары және олардың Қазақстан мен Шығыс елдеріне жасайтын ықпалына баға беру.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция нәтижелері бойынша мақалалардың электрондық жинағы шығарылатын болады.  

 ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев конфернция қатысушыларын келе жатқан Республика күнімен құттыққап, баяндама жасады. Ал ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек онлайн түрде қатысып, жылы лебізін білдірді. 

Сондай-ақ конференцияға Қазақстан мен шет елдердің белгілі шығыстанушы ғалымдары, тарихшылар, мәдениеттанушылар, филологтар, дінтанушылар, саясаттанушылар, экономистер, жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлары, дипломаттар, мемлекеттік билік органдары, бизнес және қоғамдық ұйымдардың өкілдері де қатысты.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға