Жаңалықтар

Respublica партиясы барынша ашық және әділ іріктеу өткізеді - Айдарбек Ходжаназаров

Бұл туралы партияның басшысы мәлім етті
Respublica партиясы барынша ашық және әділ іріктеу өткізеді - Айдарбек Ходжаназаров
Фото: facebook.com/aidarbek 21.01.2023 22:10 1076

Respublica партиясының басшысы Айдарбек Ходжаназаров партияның ресми түрде тіркелуі бойынша жіберілген жылы сөздер үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Айдарбек Ходжаназаров Инстаграмдағы парақшасында жазды. 

Партияның ресми түрде тіркелуі бойынша жіберілген жылы сөздеріңіз үшін партия атынан және өз атымнан ерекше алғыс білдіремін!
Партияны тіркеу процесі оңай болған жоқ, жарты жыл ішінде бізге бірнеше рет бас тартуға тура келді, бірақ соңғы кезеңде толық процедуралық талаптарды орындап, тіркеуден өту мүмкіндігіне ие болдық, - деп жазды Айдарбек Ходжаназаров әлеуметтік желіде.

Respublica партиясының басшысы сайлауды қолдайтынын, сондай-ақ оған қатысуға дайын екенін атап өтті.

Сайлау науқаны бойынша біздің партия Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімін қалыптастыруға кіріседі. Respublica партиясы барынша ашық және әділ іріктеу өткізеді. Сонымен қатар біз өз қатарымызда өз ісіне құзыретті, адал, заманауи, адамгершілікті, ынталы азаматтарды көруге асықпыз. Партия - жүйелілік, технологиялылық, адалдық, адамгершілік сынды біздің негізгі құндылықтарымызбен бөлісетін жаңа көшбасшыларды өз қатарына күтеді, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, елімізде Respublica партиясы ресми түрде тіркелген болатын. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға