Жаңалықтар

Ресейде әуе апатынан 10 адам қаза тапты

Ресейде әуе апатынан 10 адам қаза тапты
Фото: © El.kz 24.08.2023 02:15 815

Тверь облысында Embraer бизнес-джет ұшағы апатқа ұшырап, борттағылардың бәрі қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ТАСС агенттігі Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап мәлімдеді.

Embraer ұшағы Шереметьеводан Санкт-Петербургке ұшып бара жатқан. Бортта үш ұшқыш пен жеті жолаушы болған. Олардың барлығы қайтыс болды, - делінген хабарламада.

Оқиға Куженкино ауылының маңында болған.

Төтенше жағдайлар қызметі сегіз адамның мәйіті табылғанын хабарлады. Сондай-ақ ұшақ жерге соғылғанда жанып кеткенін, оның ұшқанына жарты сағаттан аз уақыт болғаны айтылды.

Бологовск ауданының бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметінің мәліметінше, төтенше жағдайдан зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Жол апаты М-10 тас жолынан алыс емес жерде, Куженкино ауылындағы қараусыз қалған фермадан екі шақырым жерде болды, - делінген ақпаратта.

Әуе көлігі федералдық агенттігі апатқа қатысты тергеуді бастады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға