Жаңалықтар

Регбиден Қазақстан құрамасы жеңіске жетті

Регбиден Қазақстан құрамасы жеңіске жетті
Фото: El.kz 05.06.2023 19:50 469

Регбиден Нидерланды астанасында өткен Amsterdam Sevens халықаралық турнирінде қазақстандық әйелдер құрамасы жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ел құрамасы дəстүрлі бəсекеде 7 ойынның барлығында оқ бойы озық шыққан. Олардың қатарында Латвия құрамасы мен Нидерландтың жоғарғы дивизионындағы клубтар бар.

Айта кететін жайт, ел құрамасы финалда былтыр да аталған турнирде жеңімпаз атанған болатын. Ал, 2019 жылы қазақстандық «Алматы» клубы турнирдің жеңімпаз тұғырына көтерілді.

Халықаралық турнирдің 50 жылдық тарихы бар. Жарыс Еуропадағы беделді турнирдің бірі саналады. Турнир алғаш рет 1972 жылы өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға