Жаңалықтар

Қызылордалық полицейлер суға батып бара жатқан жігітті құтқарды

Қызылордалық полицейлер суға батып бара жатқан жігітті құтқарды
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 05.06.2023 22:26 631

Қызылорда облысында полицейлер суға батып бара жатқан жігітті құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ таратқан мәліметіне сәйкес, оқиға бүгін түске дейін орын алған.

5 маусым 11:30 шамасында Жалағаш ауданы ПБж ергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Ержан Абдраманов және патрульдік полиция тобының аға инспекторы Ернұр Өтеш аймақты аралаған. Кенеттен көліктің алдынан жергілікті тұрғын жүгіріп шығып, көліктерін тоқтатуын сұрайды. Ентіккен азамат Бұқарбай батыр елдімекеніне қарасты «Северный» каналында бір азаматтың суға батып бара жатқандығын айтады. Осы сәтте полиция қызметкерлері жедел әрі  үйлесімді әрекет жасады. Полицей Ержан Абдраманов тұңғиыққа бойлаған жігітті аман алып қаламын деп ойланбастан суға секірді. Суға секіріп, жігітті жағаға шығарып, оған дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетті, - делінген ведомствоның хабарламасында.

Жергілікті тұрғын канал жиегіне барып, күріштіктің суын тексеремін деп абайсызда құлап кеткендігі анықталды. Ол Қызылорда қаласындағы жоғарғы оқу орындарының бірінің студенті болып шықты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға