Жаңалықтар

Қызылордада көлігімен полиция қызметкерлерін сүйреп кеткен жүргізуші қамауға алынды

Қызылордада көлігімен полиция қызметкерлерін сүйреп кеткен жүргізуші қамауға алынды
Фото: © Polisia.kz 11.08.2023 16:34 918

Заңды талапқа бағынбай, көлігімен полиция қызметкерлерін 500 метрге сүйрей жөнелген жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

8 тамыз күні Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің патрульдік қызметкерлері аймақ аралау барысында жолда жүру ережелерін бұзған көлік жүргізушісін тоқтатқан. Полиция қызметкерлері заң шеңберінде көлік жүргізушісіне автокөліктен түсіп, құжаттарын көрсетуін сұраған уақытта жүргізуші олардың заңды талабына бағынбай, оқиға орнынан “ізін суытпақ” болған.

Көлік жүргізушісі дөрекілік танытып, өзін өте агрессивті ұстады. Қарсылық көрсеткеннен бөлек ол көлігінің мемлекеттік нөмірін шешіп алып, көлікті тоқтату мақсатында әрекеттенген полиция қызметкерлерін көлігімен 500 метрге дейінгі қашықтыққа сүйрей жөнелген. Оның салдарынан полиция қызметкерлері түрлі дәрежедегі жарақаттар алды.

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Көлік жүргізушісі Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Автокөлік айып алаңына қойылды. Жоғарыда аталған бойынша күдікті үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылуы мүмкін. Қазіргі уақытта полицейлерге қарсылық көрсету, күш қолдану деректеріне қатысты қылмыстық істердің ақталмайтын негізде қысқарту тәжірибесі тоқтатылғандығын ескертеміз, – деді Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Махсудхан Аблазимов.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 380-бабының 4-бөлігі 1-тармағына (Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға