Жаңалықтар

Қызылорда облысында жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады

Қызылорда облысында жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады
Фото: © Polisia.kz 14.07.2023 20:31 1097

Қызылорда облысында рейстегі автобустың қатысуымен болған жол апаты салдарынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

14 шілдеде Қызылорда қаласы Баймұрат ауылының тұсында  Шымкент-Самара   тасжолында автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысқан.  Автобус Қызылорда - Қазалы бағытында қатынаған.

Жол - көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болып,  автобустың бір жолаушысы медициналық мекемеде көз жұмды. Автобус жүргізушісі мен 3 жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, олардың біріне алғашқы медициналық көмек көрсетілді. 

ЖКО дерегі бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға