Жаңалықтар

Қызылорда облысында жоғалып кеткен қыздың денесі табылды

Қызылорда облысында жоғалып кеткен қыздың денесі табылды
Фото: © Polisia.kz 07.08.2023 16:30 723

7 тамызда Қармақшы аудандық полиция бөліміне Тұрмағанбет ауылының тұрғынынан 7 жасар қызының жоғалғандығы туралы хабарлама түсті. Әкесінің айтуы бойынша, оның қызы 6 тамыз күні кешкі уақытта үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқи отырыңыз:

Қыздың ата-анасы және туыстары қызды өз күштерімен табуға тырысқан. Алайда іздеу жұмыстары нәтиже бермеген соң полицияға жүгінген. Хабарлама түскен сәттен бастап полиция қызметкерлері дереу іздеу жұмыстарына кірісті. Жоғалған қызды іздеуге Қармақшы аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы, ТЖД, аудан әкімдігінің қызметкерлері, еріктілер, жалпы 60-тан астам адам жұмылдырылды, - деп хабарлайды мәліметте.

Сондай-ақ қызды табу мақсатында екі дрон пайдаланылды. Бүгін сағат 13:00 шамасында қыздың мәйіті Үбіс каналынан табылды. Мәйіттің денесінде зорлық-зомбылық белгілері байқалмайды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қыз каналға суға батып кеткен. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға