Жаңалықтар

Қызылорда облысында ауыл әкімінің сайлауы басталды

Қызылорда облысында ауыл әкімінің сайлауы басталды
Фото: Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы 13.08.2023 14:56 654

Бүгін Қызылорда облысындағы Мәдениет ауылында әкім сайлауы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап. 

Жергілікті тұрғындар ауылдық округ әкімі болуға үмітті кандидаттарға дауыс беріп жатыр.

Саяси шара бүгін таңғы сағат 07.00-де №144 сайлау учаскесі ашылып, алғашқы келген сайлаушыларға сыйлық берілген.

«Отбасымызбен бірге сайлауға қатысып, ауыл әкіміне кандидат болған азаматқа дауыс бердік. Сайланатын әкім ауылымыздың келешегі үшін барлық игілікті істер жасайды деп сенеміз. Әрбір тұрғын ауылдың жаңарып, науан келбетінің жарқырағанын қалайды», - деді ауыл тұрғыны Ерлан Жанаев.

Ауылдық округінің әкіміне 4 азамат үміткер болды. Оның барлығы да өзін-өзі ұсыну тәртібімен науқанға қатысуда.

Айта кетсек, Мәдениет округінде 1102 сайлаушы тіркелген.

Еске салайық, жыл басынан бері Қызылорда өңірінде 16 ауылдың әкімі сайланған. Алдағы уақытта облыс бойынша тағы 9 ауыл әкімінің сайлауы өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға