Жаңалықтар

Қыста салқын тигізіп алмаудың қандай амалдары бар

ТЖМ салқын тигізіп және үсік алмаудың ережелерін еске салады
Қыста салқын тигізіп алмаудың қандай амалдары бар
Фото: pixabay 11.12.2022 13:00 2303

Төтенше жағдайлар министрілігінің мәліметінше, қыста салқын тигізіп және үсік алмаудың амалдары бар екенін есте сақтаған жөн, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Егер осындай жағдайларға тап болып жатсаңыз не істеу қажеттігін білген дұрыс.

Алкогольдік ішімдіктер ішпеңіз, мас адамның денесі тез тоңазиды. Үсік алғандығы туралы белгілерге назар аудара алмайды. Суықта темекі шекпеңіз, темекі шегу адамның перифериялық қан айналымын азайтады,  аяқ-қолды әлсіретеді.

Кең киім киіңіз, бұл қанның қалыпты айналымына ықпал етеді. Сыртқы киім міндетті түрде су өткізбейтін болуы керек.

Қолғапсыз, қалпақсыз және шарфсыз аязға шықпаңыз. Желді, суық ауа райында, сыртқа шықпас бұрын, дененің ашық жерлерін арнайы креммен майлаңыз.

Аязда ұзақ серуендегеннен кейін үйге оралғанда, аяқ-қолдың, арқаның, құлақтың, мұрынның және т.б. үсіп қалмағанына көз жеткізіңіз.

Серуендеу кезінде сіз тоңғаныңызды сезсеңіз, жылыну үшін мүмкіндігінше кез - келген жылы жерге, атап айтқанда дүкенге, дәмханаға, үйге  кіріңіз.

Егер сіздің көлігіңіз елді мекеннен алыс немесе бейтаныс жерде тоқтап қалса, көлікте қалып, телефон арқылы көмек сұрағаныңыз жөн немесе жолда басқа көліктің өтуін күткен дұрыс.

Желден қорғаныңыз, желде үсік алу ықтималдығы әлдеқайда жоғары. 

Суықта ұзақ серуендеу үшін өзіңізбен бірге ауыстыратын бір-екі шұлық, қолғап және ыстық шай термосын алып жүрген жөн.

Балаларда дененің жылу реттелуі әлі толық қалыптаспағанын есте ұстаған жөн. Сондықтан, баланы аязды күні далаға серуендеуге жібергенде, оған әр 15-20 минут сайын жылы жерге кіру керек екенін ұмытпаңыз.

Егер оқиғалар орын алса, 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға