Құтқарушылар өрт кезінде 6 адамды эвакуациялады

 © El.kz
Фото: © El.kz

Оралда Қонаев шағынауанындағы тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Төтеншеліктердің мәліметінше, бірінші қабатта орналасқан пәтерлер иелерінің кооперативінде электр қалқаны жанған. Өрт сөндірушілер жоғарғы қабаттардан 6 адамды эвакуациялап,  өртті жедел түрде сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның шығу себебі анықталуда.

 

Оқи отырыңыз