Құтқарушылар газ баллондарының жарылысының алдын алды

 ҚР ТЖМ
Фото: ҚР ТЖМ

Бүгін Алматы облысы Арна ауылында Новая көшесіндегі жеке тұрғын үйде 54 шаршы метр алаңда тұрмыстық заттар жанды. Өрт үй-жайдың ішінде тез тарады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ күштері келді.

Өрт сөндіру барысында өрт ошағынан 2 газ баллон шығарылды, бұл жарылыстың алдын алуға мүмкіндік берді. Зардап шеккендер жоқ, - делінген ТЖМ таратқан мәліметте.

Оқи отырыңыз