Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында дауыс берді.
Жақында бел омыртқасына жасалған операциядан кейінгі денсаулық жағдайына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев сайлау учаскесіне бармай, дауыс беру құқығын үйінде жүзеге асырды.
Айта кетейік, сайлау заңнамасына сәйкес, денсаулық жағдайына байланысты дауыс беру учаскесіне келе алмайтын азаматтарға өздері тұрған жерде дауыс беруге мүмкіндік қарастырылған. Ол үшін сайлаушы учаскелік сайлау комиссиясына тиісті өтініш береді.