Жаңалықтар

Құрама ойындарына қатысуы екіталай: ҚФФ Зайнутдиновке қатысты мәлімдеме жасады

Құрама ойындарына қатысуы екіталай: ҚФФ Зайнутдиновке қатысты мәлімдеме жасады
Фото: ©El.kz/Мәди ЫСҚАҚОВ 13.11.2023 10:02 1016

Қазақстан футбол федерациясы Түркия чемпионатында жарақат алып, мұрнына операция жасатқан Бактиер Зайнутдиновке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Федерация футболшының Еуро-2024 аясында Қазақстан құрамасы ойындарына қатыса алмауы мүмкін деп отыр.

Бактиер Зайнутдинов «Бешикташ» – «Ыстамбұл Башакшехир» матчында ауыр жарақат алып, ұлттық құраманың алдағы матчтарына қатысуы екіталай болып тұр. Дәрігерлердің қорытындысы шықпағанша, Бактиердің жарақаты қаншалықты ауыр екенін нақты айта алмаймыз. Жақын арада Бактиердің қал-жағдайы туралы хабарлайтын боламыз, - делінген мәліметте.

Бұған дейін Түркия клубы Зайнутдиновке операция жасалғанын мәлімдеген. «Бешикташ» клубының қазақстандық ойыншысы Түркия Суперлигасының 12-турында жарақат алып қалды. Допқа талас кезінде оның бетіне «Истанбул Башакшехир» ойыншысы Джером Опокудың шынтағы қатты тиіп кетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға