Жаңалықтар

Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман келеді – Серікзат Дүйсенғазы

Қазақстан халқы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевты Әділетті Қазақстанды құрады деген үмітте
Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман келеді – Серікзат Дүйсенғазы
Фото: baq.kz 21.11.2022 18:06 2440

Кеше елімізде маңызды саяси оқиға кезектен тыс Президенті сайлауы өтті. Бұл туралы ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Серікзат Дүйсенғазы өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Серікзат Дүйсенғазы бірнеше сайлау учаскесіне барып, оның өту барысын өзі бақылаған. 20-қараша күні өткен дауыс беру процессінің бұған дейінгі өтіп жүрген сайлаулардан ерекшелігі бар дейді.

«Бұрындары өтіп жүрген сайлауларда бірқатар мәселе туындап, артынан шу көтеріліп жататын еді. Ал осы жолы ешқандай мәселе туындаған жоқ. Кезінде мемлекеттік қызметкерлерге мәжбүрлі түрде дауыс бергізетін. Өз басым кешегі өткен дауыс беру барысында ондай жағдайларды байқамадым. Сайлау әділетті өтті. Халық өзінің шын ниетімен барып дауыс берді деп ойлаймын», – деді Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Сайлаудың алдын ала нәтижесіне сәйкес Қасым-Жомарт Тоқаев 81,31 пайыз дауыс жинады. Ақын Серікзат Дүйсенғазы еліміздегі президент сайлауынан кейін әділетті қоғам орнайды деген пікірде.

«Қазақстан халқы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевты Әділетті Қазақстанды құрады деген үмітте. Ол көптеген сынақтан өткен, елдің сеніміне ие болған азамат. Берген уәдесін орындап, еліміздің дамуына күш салады деп есептеймін. Алда қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман келеді», – деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға