Жаңалықтар

Қостанайда қазақ мектебі орыс мектебінен 4 есе аз

Қостанайда қазақ мектебі орыс мектебінен 4 есе аз
Фото: © El.kz 28.08.2023 11:25 1763

Қостанай облысында 454 мектептің 112-сі ғана қазақ тілінде білім береді. Яғни қазақ мектебі орыс мектебінен 4 есе аз, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қостанай облысында 454 мектеп бар. Оның 112-сі ғана қазақ тілінде, 227 мектеп таза орыс тілінде, 115 аралас (орыс және қазақ тілінде оқытатын) мектеп бар.

Орыс мектептерінің 60 пайызын өзіміздің қаракөз балалар толтырған!

Биыл 1 қыркүйекте 10 384 бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды. Осы балдырғандардың 71 пайыздан астамы орыс сыныптарына қабылданған. Қалған 29 пайызы ғана қазақ мектебіне барады.

Айтпақшы, Қостанай облысы білім басқармасы басшысы да мемлекеттік тілді білмейтін мемлекеттік қызметкер!
Оған да қазақ тіліндегі мектептер аса қызық емес!, - деп жазды педагог Аятжан Ахметжанұлы.

Ол Қостанайда ашылған таза қазақ тілінде оқытатын QAZBILIM Қостанай ұлттық лицейіне бала таппай отырғанын жазды.

Айта кетейік, бұған дейін оқушылардың 10 мыңнан астамы орыс тілінде білім алатыны жөнінде жазған едік.

Сондай-ақ жақында орыс тілді сыныптармен қоштасқан Ұлытау облысындағы жағдай туралы жазған едік. Биыл Ұлытау облысында таза орыс тілді мектептер жұмыс істемейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға