22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҰлытау облысында таза орыс тілінде сабақ жүргізетін бірде-бір мектеп қалған жоқ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
"Егемен Қазақстан" газетінің тілшісі Ұлытау облысында барлығы 88 мектеп бар екенін жазды. 2022-2023 оқу жылында барлығы 39 601 оқушы оқыған. Соның 19 153-і – қазақ, 18 795-і – аралас, 1 653-і орыс мектептерінде білім алған.
Облыстағы аралас мектептер негізінен Жезқазған және Сәтбаев қалаларына орналасқан. Былтырғы жылдың есебі бойынша, Жезқазғанда – 12, Сәтбаевта 6 аралас мектеп бар. Ал мұндай мектептер саны Қаражалда – 3, Жаңаарқа ауданында – 2, Ұлытау ауданында – 3.
Биылдан бастап облыста таза орыс тілінде сабақ жүргізетін бірде-бір мектеп қалған жоқ. Облыста бұған дейін бар-жоғы үш қана орыс мектебі, атап айтқанда, Сәтбаев қаласында – 2, Қаражал қаласында 1 мектеп болған екен. Биыл бұл мектептерде алғаш рет қазақ сыныптары ашылатын болды, - делінген ақпаратта.
Яғни облысқа Берік Әбдіғалиұлы әкім болған соң, таза орыс тілді мектептер жабылған.
Таза орыс мектептерінің жойылуы – облыста былтырдан бері басталған үрдіс. Жезқазғандағы №26 мектепте алғаш рет қазақ сыныптары пайда болып, 1-сыныпқа оқушылар қабылданып жатыр.
Сондай-ақ облыспен аттас Ұлытау ауданында аралас мектептердегі орыс сыныптарына құжат қабылдау мүлдем тоқтатылды.
Айта кетейік, биыл облыс бойынша 4 342 бала мектеп табалдырығын аттағалы тұр. Осы балалардың 81,3 пайызы, яғни, 3 519-ы қазақ сыныптарына таңдау жасапты. Ал қазақ сыныбын таңдау өткен оқу жылында 1-сыныпқа барғандардың арасында 67 пайызды құраған еді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев