Жаңалықтар

Қостанай полицейлері хабар-ошарсыз кеткен әйелді тапты

Сараптама нәтижелері бойынша әйел көлікті мас күйінд басқарған
Қостанай полицейлері хабар-ошарсыз кеткен әйелді тапты
Фото: polisia.kz 03.11.2022 21:00 967

Қостанай полицейлері патрульдеу кезінде хабар-ошарсыз кеткен әйелді тапты, – деп хабарлайды  El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

3 қарашада Сұлтан Нұрғалиев пен Сұлтан Мнайдаров құрамындағы автопатруль “Қостанай-Мамлютка” А-21 тас жолында кезекшілік етті. 21 шақырым жерде патрульшілер Chevrolet Cobalt автокөлігін тоқтатты.

Оны 2 қарашадан бері Қостанай қаласында із-түзсіз жоғалып кеткен әйел басқарған. 40 жастағы жүргізуші көлікті құжатсыз басқарып, Ұзынкөл ауылынан келе жатқан.

Сараптама нәтижелері бойынша әйел көлікті мас күйінде басқарған. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайы анықталуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға