Жаңалықтар

Қостанай облысында ер адамның көлігін жанармай құю бекетінен ұрлап кеткен

Қостанай облысында ер адамның көлігін жанармай құю бекетінен ұрлап кеткен
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 25.08.2023 18:16 573

Қостанай облысында Лисаковтегі жанармай құю бекетінде ер адам кофе сатып аламын дегенше көлігін ұрлап кетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Полицияға жанармай құю станциясына тоқтап, кофе сатып аламын дегенше көлігін ұрлап кеткен Денисов ауданының тұрғыны шағым түсірді.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, іздеуге Лисаков қаласының патрульдік полициясының қызметкерлері Инкар Махангалеев және Әлібек Жүнісов жедел кірісті.

Ұрлаушы бір сағат ішінде ұсталды. Көлік Лисаков қаласынан 10 шақырым қашықтықта табылды. Күдікті – сол ауылдың тұрғыны. Полиция көлікті заңды иесіне қайтарып берді, ал ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға