Қосшыдағы LRT желісінің құрылысы 2027 жылы аяқталады

 CTS
Фото: CTS

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Астанадан Қосшыға дейінгі LRT желісінің құрылысы келесі жылдың соңында аяқталатынын мәлімдеді. 

Астана қаласының әкімінің айтуынша,  күн сайын Қосшыдан елордаға 22 мыңнан астам автокөлік кіреді.

— Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қосшыда шамамен 120 мың адам тұрады, олардың жартысы күн сайын қалаға кіріп-шығады. Біз келесі жылдың соңына дейін бұл желі толық аяқталады деп күтеміз, — деді Жеңіс Қасымбек Ақорда кулуарында.

Оған қоса 2026 жылдың соңына қарай Шыңғыс Айтматов көшесі бағытына тағы бір желінің құрылысы басталады деп жоспарланып отыр. 

 

Оқи отырыңыз