Жаңалықтар

Қонаев қаласында 28 жастағы жігіттен екі қап марихуана табылды

Қонаев қаласында 28 жастағы жігіттен екі қап марихуана табылды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 22.06.2023 17:17 946

Қонаев қаласында 28 жастағы жігіттен екі қап марихуана табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

22 маусым күні Қонаев қалалық полиция басқармасы қызметкерлері Алматы облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының мамандарымен бірлесіп «Қарасора - 2023» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді. Шара барысында 1995 жылғы азаматтың басқаруындағы көлік тоқтатылды.

Автокөліктің салонында өсімдік тектес заттары бар салмағы 20 келіден асатын екі қап кептірілмеген марихуана тәркіленді. Дерек ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамы белгілері бойынша тіркелді. Күдікті УҰИ-ға қамалды, - деп жазды ІІМ-нен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға