Жаңалықтар

ҚМА Қызылорда облысында маниторинг жүргізді

ҚМА Қызылорда облысында маниторинг жүргізді
Фото: El.kz 27.03.2023 09:52 772

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті әлеуметтік маңызы зор азық түрлеріне мониторинг және талдау жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Мониторинг барысында басты назар өңірде өндірілетін азық-түліктің өзіндік құнына аударылды.

Департаменттің талдау тобы күріш өндіретін ең ірі 9 кәсіпорынның баға белгілеу жұмыстарына талдау жүргізілді. Оның нәтижесіне сәйкес, Қаржылық мониторинг агенттігінің облыстық өкілдігі 6 күріш өндіретін компанияның бағаны көтеруі қаншалықты негізді екендігін білу үшін тексеру тағайындады.

Өзге кәсіпорындар өңірдің әлеуметтік дүкендерінде саудалау үшін облыстың Тұрақтандыру қорына арналған күріш бағасының килограмын 420-дан 350-ге дейін түсіруге келісті.

Қазіргі таңда әлеуметтік дүкендерде күріштің килограмын 350 теңгеден аспайтын бағада саудалау жұмыстары жергілікті органдар мен «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік коропорациясы арасында қарастырылып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға