Жаңалықтар

Қазнет автобус жүргізушісі болып жұмыс істейтін әйелді талқылап жатыр

Қазнет автобус жүргізушісі болып жұмыс істейтін әйелді талқылап жатыр
Фото: Видеодан кадр 27.06.2023 14:36 757

Әлеуметтік желілерде  Алматыда автобус жүргізушісі болып істейтін әйел қазақстандықтардың  қызығушылығын тудырды.

Ақтолқын Смайылованы түсірген алматылық әйел оның еңбекқорлығы мен батылдығына тәнті болып, ол туралы бейнероликті желі қолданушыларымен бөлісуге шешім қабылдаған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@el.kz)

35 жастағы Ақтолқын Шымкентте дүниеге келген, қазір күйеуі және екі баласымен бірге Алматыда тұрады. Бірнеше айдан бері 34-бағдарлы автобустың жүргізушісі болып жұмыс істейді.

«Бұрын мен автобуста кондуктор болып жұмыс істедім. Бірақ уақыт өте келе, көлік жүргізгіп, үйренгім келді. Оқып, жүргізуші куәлігін алдым. Алдымен троллейбус жүргіздім. Төрт айдан бері автобус жүргізушісі болып жұмыс істеймін», - деді Ақтолқын.

TikTok қолданушылары қысқа видеоға белсенді түрде пікір  білдіріп жатыр. Желі қолданушылары жүргізушіге жылы сөздерін жазып, жұмысына шыдамдылық тіледі: «Осындай қыздарды   құрметтеймін», «Өте ұқыпты жүргізеді», «Жолың болсын, сұлу қыз» деген жазбаларды көп кездестіруге болады.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға