Жаңалықтар

«ҚазМұнайГаз» 5% акциясын сатылымға шығарады

Өтінім қабылдау 9-30 қараша аралығында жүргізіледі
«ҚазМұнайГаз» 5% акциясын сатылымға шығарады
Фото: yango.pro 08.11.2022 09:15 1231

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының 5 пайыз акциясы сатылымға шығарады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Самұрық-Қазына» қорына «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамының 90,42 пайыз акциясы тиесілі. Осы орайда қор «ҚазМұнайГаздың» 30 505 974 жай акцияларын сатуға ниетті. Бұл жалпы шығарылған және орналастырылған акциялардың шамамен 5 пайызын құрайды. Осылайша, «Самұрық-Қазына» қорына «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамының кем дегенде 85 пайызы тиесілі болады. 5,1 трлн теңге көлеміндегі капитал құнын ескере отырып, ұсыныс шеңберіндегі бір жай акцияның бағасы шамамен 8 406 теңге болады», - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Оның айтуынша, акцияларды сатып алуға ниетті институционалдық инвесторлардан өтінім қабылдау 9-30 қараша аралығында жүргізіледі. Ал бөлшек инвесторлардың өтінімі 2 желтоқсанға дейін қабылданады.

Бұл бастаманы Премьер-Министр төрағалық ететін экономиканы модернизациялау жөніндегі мемлекеттік комиссия ұсынған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға