Қазақтың қыз Жібегіне арналған фестиваль мәресіне жетті

Қазақтың қыз Жібегіне арналған фестиваль мәресіне жетті
Фото: Музыкалық жас көрермен театры

2026 жылдың 1-7 қазан күндері аралығында өткен Қазақстанның Халық артисі, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, көрнекті театр және кино актрисасы, Қазақтың Қыз Жібегі Меруерт Өтекешованың 75 жасына арналған «ТЕАТР АLL» IV Халықаралық театр фестивалі өз мәресіне жетті.

фото: Музыкалық  жас көрермен театры
фото: Музыкалық  жас көрермен театры

Халықаралық театр өнер додасына Өзбекстан, Қырғыз Республикасы және Әзербайжанның театр ұжымдары, сондай-ақ Астана қаласының жетекші театрлары мен Маңғыстау, Ақмола, Түркістан, Атырау, Ұлытау және басқа да өңірлердің театрлары қатысты.

Қазылар алқасының шешімімен бірқатар театр ұжымдары мен өнер майталмандары фестивальдің арнайы аталымдары мен жүлделеріне ие болды.

фото: Музыкалық  жас көрермен театры

«Үздік қойылым» номинациясы бойынша Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының «Ұлпан» спектаклі үздік деп танылды.

фото: Музыкалық  жас көрермен театры
фото: Музыкалық  жас көрермен театры

«Үздік актерлік ансамбль» номинациясы Б.Кыдыкеева атындағы Қырғыз мемлекеттік жас көрермен театрының «Жәмилә»спектакліне берілді.

фото: Музыкалық  жас көрермен театры
фото: Музыкалық  жас көрермен театры

«Үздік режиссура» номинациясын Н.Жантурин атындағы Маңғыстау облыстық сазды драма театрының «Той» спектаклін қойған режиссер Дина Жұмабаева иеленді.

фото: Музыкалық  жас көрермен театры
фото: Музыкалық  жас көрермен театры

«Үздік ер адам бейнесі» аталымында Музыкалық жас көрермен театрының «Шәкәрім» спектакліндегі Шәкәрім рөлі үшін Аян Өтепберген марапатталды.

фото: Музыкалық  жас көрермен театры
фото: Музыкалық  жас көрермен театры

«Үздік әйел адам бейнесі» номинациясы М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының «Сотворившая чудо или что такое любовь?» спектакліндегі Анни ролін сомдаған Полина Харламоваға табысталды.

фото: Музыкалық  жас көрермен театры
фото: Музыкалық  жас көрермен театры

«Үздік актерлік дуэт» жүлдесіне Өзбекстан мемлекеттік драма театрының «Ләйлі мен Мәжнүн» спектакліндегі Ләйлі мен Мәжнүн ролдерін сомдаған Нодир Мухаммаджонов пен Хусния Турамуротова ие болды.

фото: Музыкалық  жас көрермен театры
фото: Музыкалық  жас көрермен театры

«Үздік сценография» аталымы Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының «Анна Каренина. Роман парақтары» спектаклі үшін Қанат Мақсұтовқа берілді.

фото: Музыкалық  жас көрермен театры
фото: Музыкалық  жас көрермен театры

«Спектакльдің үздік музыкасы» жүлдесін Ақмола облыстық орыс драма театрының «Выстрел на перевале Караш»спектаклі үшін Батырхан Сабыр иеленді.

«Екінші пландағы үздік ер адам бейнесі» аталымында Асанәлі Әшімов театрының «Томирис» спектакліндегі Бахтияр рөлі үшін Мұхтар Қосыбай марапатталды.

фото: Музыкалық  жас көрермен театры
фото: Музыкалық  жас көрермен театры

«Екінші пландағы үздік әйел адам бейнесі» жүлдесі Н.Жантурин атындағы Маңғыстау облыстық сазды драма театрының «Той»спектакліндегі Эмма рөлін сомдаған Гюль Зиятоваға табысталды.

фото: Музыкалық  жас көрермен театры
фото: Музыкалық  жас көрермен театры

Фестивальдің арнайы жүлделері де өз иелерін тапты.  «Асанәлі Әшімов атындағы жүлде» С.Қожамқұлов атындағы Ұлытау облыстық сазды драма театрының «Макбет» спектакліндегі Макбет рөлі үшін Нұржан Бейсбековке берілді.

«Хадиша Бөкеева атындағы жүлдеге» Атырау Жастар театрының «Қаралы сұлу»спектакліндегі Қаракөз ролі үшін Гүлдана Көшербаева ие болды. «Құман Тастанбеков атындағы жүлде» «М.Театр» тәуелсіз театрының (Әзірбайжан Республикасы) «Овод»спектакліндегі Артур ролі үшін Зия Агаға табысталды. «Меруерт Өтекешева атындағы жүлде» Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының «Анна Каренина. Роман парақтары» спектакліндегі Анна Каренина рөлі үшін Ақмарал Танабаеваға берілді.

фото: Музыкалық  жас көрермен театры
фото: Музыкалық  жас көрермен театры

Сонымен қатар фестивальдің кәсіби бағыттағы арнайы аталымдары бойынша да жеңімпаздар анықталды. «Үздік балетмейстер» аталымының иегері – Астана қалалық циркінің «Contrasst» би театрының «Метамарфозы»спектакліндегі жұмысы үшін Карина Жиренбаева. «Режиссурадағы жаңа есім» аталымы Р.Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды драма театрының «Қатынқамал»спектаклі үшін Нұржан Ізтаевқа берілді. «Үздік эпизодтық роль» (ер адам) аталымында «Қанаттылар» инклюзивті театрының «Абай-ЛА»спектакліндегі Адам рөлі үшін Ислам Мағытанов марапатталды.Ал «Үздік эпизодтық роль» (әйел адам) жүлдесін Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының «Танакөз» спектакліндегі Нұргүл апа рөлі үшін Бибігүл Исалиева иеленді.

фото: Музыкалық  жас көрермен театры
фото: Музыкалық  жас көрермен театры

Фестиваль қорытындысы театр өнеріндегі шығармашылық ізденістердің, халықаралық мәдени байланыстың және кәсіби тәжірибе алмасудың маңызын тағы бір мәрте көрсетті.

Оқи отырыңыз