Жаңалықтар

Қазақстанның ЕАЭО-ға мүше елдермен тауар айналымы 23 миллиард долларға жетті

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты
Қазақстанның ЕАЭО-ға мүше елдермен тауар айналымы 23 миллиард долларға жетті
Фото: Ақорда 09.12.2022 15:38 1440

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында Қазақстанның ЕАЭО-ға мүше елдермен тауар айналымы 23 миллиард долларға жеткенін айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

«Біз желтоқсан айындағы кездесулерде дәстүрлі түрде бірлескен жұмысты қорытындылап, алдағы кезеңде атқаратын міндеттерді айқындаймыз. Биыл әлемдік экономика үшін өте ауыр жыл болды. Халықаралық қоғамдастық пандемия зардабынан айығып үлгермей жатып, жаңа геосаяси және экономикалық сын-қатерлермен бетпе-бет келді.

Біз бүгінде әлемдегі сауда-саттықты айтарлықтай шектейтін түрлі тыйымдар, квоталар мен баж салықтары енгізіліп жатқанын көріп отырмыз. ЕАЭО аясындағы ынтымақтастығымыз жаһандық үрдістерден ерекшеленетіні келешекке сенім ұялатады.

Сыртқы факторлардың қысымына қарамастан, Қазақстанның ЕАЭО-ға мүше елдермен тауар айналымы қаңтар-қазан айларында 7 пайызға өсіп, 23 миллиард долларға жетті. Бірлескен ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға