Жаңалықтар

Қазақстанға Оңтүстік Кореяның сыртқы істер министрі келеді

Қазақстанға Оңтүстік Кореяның сыртқы істер министрі келеді
Фото: ҚР СІМ 29.05.2023 20:38 601

Корея Республикасының сыртқы істер министрі Пак Чжиннің Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы брифинг барысында ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Министрдің сапары 2023 жылғы 30 мамыр - 1 маусым аралығына жоспарланған. Сапар барысында оның Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен екіжақты келіссөздері жоспарланған.

Тараптар кеңейтілген стратегиялық әріптестіктің, оның ішінде саяси, экономикалық және мәдени өзара іс-қимыл салаларындағы Қазақстан-Оңтүстік Корея қатынастарының ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын талқылайды. Халықаралық ұйымдар мен форумдар шеңберінде екі елдің ынтымақтастығы бойынша пікір алмасу жоспарлануда, - деді Смадияров.

Сонымен қатар корей министрінің мемлекет басшылығымен кездеседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға