Жаңалықтар

Қазақстандықтар табыс табу үшін қай елдерге жиі барады? СІМ жауап берді

Қазақстандықтар табыс табу үшін қай елдерге жиі барады? СІМ жауап берді
Фото: Коллаж El.kz 21.07.2023 16:23 1139

Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтардың қай елдерге жұмыс істеуге баратынын және мемлекеттен қандай көмек көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Көбінесе қазақстандықтар шетелде жұмыс істеу үшін Оңтүстік Кореяны, АҚШ-ты, сондай-ақ Шығыс және Батыс Еуропа елдерін таңдайды.

Біздің министрліктің құзырына еңбек көші-қоны үшін шетелге шығатын азаматтарды бақылау кірмейді, бірақ консулдықтар Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының келу мақсатына қарамастан олардың есебін жүргізеді. Алайда, бұл процедура ерікті түрде жасалатындықтан барлық азаматтар консулдық тіркеуде тұрмайды, - деп жауап берді СІМ тілшілердің ресми сауалына.

Бұл ретте ведомствода министрлік қызметкерлері қазақстандықтарға шет мемлекеттерде жұмыс табуға көмектесетін агенттіктердің қызметін бақыламайтынын, сондай-ақ олардың арасындағы құқықтық қатынастарды реттемейтінін түсіндірді.

Сыртқы істер министрлігінің Жұмыспен қамту саласындағы агенттіктерді есепке алу және олардың қызметін қадағалау өкілеттігі жоқ. Егер Қазақстан азаматы басқа елде болған кезде қиын жағдайға тап болып, консулдық мекемеге жүгінсе, оған барлық қажетті көмек көрсетілетін болады, — деп түсіндірді ведомстводан.

Айта кетейік, қазақ «гастарбайтерлері» неге көбейіп жатқаны туралы зерттеп, Англияда аптасына 300 мың теңге табатын қазақ қызынан сұхбат алған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға