Жаңалықтар

Қазақстандықтар Сейшель аралдарына визасыз бара алады

Қазақстандықтар Сейшель аралдарына визасыз бара алады
Фото: ҚР СІМ 16.01.2024 01:15 595

Қазақстан Республикасы мен Сейшель Республикасы арасындағы визасыз режим күшіне енді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, 2023 жылғы 22 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында қол қойылған, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сейшель Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім 2024 жылғы 6 қаңтарда күшіне енді.

Келісімнің 1-бабына сәйкес, екі елдің азаматтары екінші уағдаласушы тарап мемлекетінің аумағына бір немесе бірнеше рет келу, кету, транзит, уақытша болу үшін визалық талаптардан босатылады.

Осы ретте азаматтардың шекарадан өткен кезден бастап екi мемлекет аумағында болу мерзiмi күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімдегі кезеңге, ал күнтізбелік 180 (жүз сексен) күн ішінде жиынтығында күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспауы қажет, - деді Смадияров.

Егер Қазақстан азаматтары Сейшел аралдарында 30 күннен астам болу қажет болса, олар тиісті санаттағы Сейшель визасын алдын ала ресімдеу керек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға