Жаңалықтар

Қазақстандықтар құмар ойындарға 100 млрд теңге жұмсаған

Қазақстандықтар құмар ойындарға 100 млрд теңге жұмсаған
Фото: instagram.com/nartay_aralbayuli 15.09.2023 12:10 1297

Жыл басынан бері қазақстандықтар құмар ойынға 100 млрд теңге жұмсаған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

AMANAT партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі республикалық Кеңес отырысында «Заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл және қазақстандық жастар арасындағы лудомания проблемасы» талқыланды.

Оқи отырыңыз:

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, елімізде өзінің лудомания дертіне шалдыққанын мойындайтын, емге мұқтаж екенін айтатын 36 мың адам тіркелген. Ішкі істер министрлігінің ақпаратына сүйенсек, 2019 жылға қарағанда өткен жылы құмар ойындар мен бәс тігу деңгейі 40 есе артқан, - деді Нартай Сәрсенғалиев.

Ол 2023 жылдың алғашқы тоқсанында қазақстандықтар 100 млрд теңгесін құмар ойындарға жұмсағанын атап өтті.

Мысал ретінде, бұл қаржыны басқа салалармен салыстырып көрсек, кітапханалар мен мұражайлардың шығынынан 70 есе, шығармашылық пен өнер салаларынан 50 есе, ІТ қызметкеріне қарағанда 5 есе, жылжымайтын мүлік операцияларына қарағанда 2 есе көп, - деді мәжілісмен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға