Жаңалықтар

Қазақстандық жасөспірімдер джиу-джитсудан әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

Жас спортшылар санаттарында марапаттар үшін АҚШ, Канада, Франция, Ирландия, Ұлыбритания, Кувейт, Сауд Арабиясының өкілдері өнер көрсетті
Қазақстандық жасөспірімдер джиу-джитсудан әлем чемпионатында жеңімпаз атанды
Фото: olympic.kz 17.11.2022 19:52 936

Қазақстандықтар Арслан мен Арсен Берік Абу-Дабиде (БАӘ) өткен джиу-джитсудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпаздары атанды, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы olympic.kz сайты мәлімдеді.

Жас спортшылар санаттарында марапаттар үшін АҚШ, Канада, Франция, Ирландия, Ұлыбритания, Кувейт, Сауд Арабиясының өкілдері өнер көрсетті.

«Болашақта джиу-джитсу Олимпиада бағдарламасына қосылуы мүмкін. Сондықтан мен осы спорт түріне белсенді қатысып, өз елімнің намысын қорғағым келеді», - деп атап өтті Арслан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға