Жаңалықтар

Қазақстандық студенттер Coursera сертификаттарын алды

Қазақстандық студенттер Coursera сертификаттарын алды
Фото: gov.kz 27.02.2023 20:54 945
TOU университет студенттері Coursera алаңында тегін курстарға қол жеткізді. Ал 24 ақпанда сегіз білім алушыға онлайн-оқудан өткені туралы сертификаттар табысталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Қазақстандық студенттер Coursera-да Ғылым және жоғары білім министрлігінің халықаралық білім беру алаңының топ-менеджерлерімен уағдаластығының арқасында оқи алады.
 
«Бір курсқа теориясы мен практикалық сабақтары бар бірнеше модульдер кіреді, олардың авторлары - әлемнің жетекші жоғары оқу орындары. Біз үшін ең танымал бағыттар бойынша курстар күніне екі сағатқа есептелген. Бірақ өте ынталы студенттер Coursera-да қарқынды жұмыс істейді. Өтінімдерді қабылдағаннан кейін екі күн өткен соң біздің студенттер арасында алаңның алғашқы түлектері болды», - дейді ToU Академиялық қызмет департаментінің директоры Асылбек Қасенов.
 
«Ақпараттық жүйелер» мамандығының магистранты Шыңғыс Бекет 48 сағат ішінде Coursera-дан бірден төрт курстан өтті. Ол Python бағдарламалау тілін үйренді және meta-дан қосымшаларды әзірлеу бойынша оқуды жалғастыруда. Торайғыров университетінің студенттері басқа бағыттар бойынша да сертификаттар алды. Ерсәулет Әбдірайымов «ХХІ ғасырдағы іскерлік қарым-қатынас», ал Бағдан Тыныбек - «Іскерлік хатты жақсы жазу» курстарын оқыды. Оқушылар онлайн-алаңмен жұмыс істеудің ыңғайлылығын атап өтті, бұл шетелдік білім беру жүйесін зерделеу мүмкіндігі. Білім алушылар Coursera-мен әрі қарай жұмыс істеуге дайын және басқа студенттерге онлайн білім берудің осы әдісін ұсынады.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға