Қазақстан құрамасы Шанхайда өткен 67-ші Халықаралық математикалық олимпиадада(IMO) 3 күміс және 3 қола медаль иеленіп, ел қоржынына тағы бір ірі жетістік қосты.
Қытайдың Шанхай қаласында өткен Халықаралықматематикалық олимпиадаға (International Mathematical Olympiad, IMO) әлемнің 117 елінен700-ге жуық дарынды оқушы қатысты. Бұл – әлемдегі ең көне әрі ең беделді зияткерлікжарыстардың бірі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағартуминистрлігінің мәліметінше, ұлттық құрамажарысты 3 күміс және 3 қола медальмен аяқтады.
Күміс медальды Almaty қаласындағы HaileyburyAlmaty халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы Тимур Мұрат, Алматыдағы NURORDA мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы ӘлиЕркебұланұлы және Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысыБатырхан Бейғанов жеңіп алды.
Ал қола жүлдені Алматыдағы NURORDA мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Ерасыл Алтынбек,Астанадағы Spectrum халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы Марғұлан Шарел және Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы Әмірлан Аманжолов иеленді.
Халықаралық математикалық олимпиада 1959 жылдан бері өткізіліп келеді және әлемдегі ең беделді пәндік олимпиадалардың бірі саналады. Қазақстан бұл додаға 1992 жылдан бері тұрақты қатысып келеді.
Осы уақыт ішінде ұлттық құрама олимпиадаға 34 рет қатысып, жалпы 16 алтын, 54 күміс және 86 қола медаль, сондай-ақ 30 Құрмет грамотасын жеңіп алғанын да айта кетейік.