Қазақстандық балуан қыздар Испанияда он медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан «Jovenes Promesas» халықаралық турнирінде он медаль жеңіп алды.
Аға жаттықтырушы Қуаныш Жақсыбай баптайтын еліміздің бойжеткендері аталған додада ел қоржынына 8 алтын 2 күміс медаль салды.
Атап айтсақ, 50 келідегі Эллада Махяддинова, Аяжан Маркашева (53кг), Айнұр Әшімова (55 кг), Нилуфар Раимова (57 кг), Гүлдана Бекеш (59 кг), Тыныс Дубек (62 кг), Альбина Қайыргелдинова (65 кг) және Анастасия Панасович (72 кг) алтыннан алқа тақты.
Қоржынымызға түскен екі күміс медальді Ирина Кузнецова (62 кг) мен Іңкәр Жанатаева (76 кг) жеңіп алды.
Командалық есепте спортшыларымыз екінші орынға ие болды.
Қазақстандық балуан қыздар Испанияда 10 медаль жеңіп алды
Оқи отырыңыз
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды