Жаңалықтар

Қазақстандық актриса соғысты қолдайтын компаниялармен жұмыс істемейтінін айтты

Қазақстандық актриса соғысты қолдайтын компаниялармен жұмыс істемейтінін айтты
Фото: vk / kvnofficial 25.09.2023 10:44 1320

Танымал актриса және «Астана» сапында КВН қатысушысы Гүлнара Сильбаева бұдан былай салығы Ресей қазынасына түсетін ешбір жобаға қатыспайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Актрисаның сөзіне қарағанда, әріптестері концерттерінің соңына неге ұласатынын түсінуі керек еді. Ол салығы Ресей Федерациясының қазынасын толтыратын жобалардан бас тартқанын тілге тиек етті. Мұндайда концерт не шоудың ауқымы да маңызды емес.

Оқи отырыңыз:

Біреулер бірден тоқтату керек деп жатыр, енді біреулер концерт неге болмайды деп сұрауда. Олардың қандай өткір әзілдер айтқаны маңызды емес. Олар бұл әрекеттің соңы қандай болатынын түсінуі керек еді. Бәлкім олардың басқа амалы болмаған шығар, бәлкім, оларды біреулер мәжбүрлеген болар немесе олар үшін бұл қалыпты жағдай. Жобасының салығы Ресей қазынасын толтыратын ешқандай компаниямен жұмыс істемеймін деп шештім.

Біз шығармашылық адамдарымыз, танымал адамдарда өз әрекеті үшін жауапкершілік жоғарырақ болады, - деді Гүлнара.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға