Жаңалықтар

Қазақстандағы курьерлер енді арнайы салық режимін қолдана алады

Қазақстандағы курьерлер енді арнайы салық режимін қолдана алады
Фото: Pexels.com 04.04.2023 12:01 637

Қазақстанда 1 сәуірден бастап курьерлер Е-salyq Business мобильдік қосымшасын пайдалана отырып, арнайы салық режиміне (АСР) ауыса алады деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Салық кодексінің 686-2-бабында поштамен жеткізу жөніндегі қызметтерді қоспағанда, арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, СНР қолдану кезіндегі қызмет түрлері курьерлік жеткізумен толықтырылды", – делінген хабарламада.

АСР пайдалану кезінде қосымша құн салығын төлеудің қажеті жоқ. Оның орнына салық төлеушілер жеке тұлғаларға қызмет көрсету кезінде бөлшек салықты 4% мөлшерлемемен аударады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға