Жаңалықтар

Қазақстандағы киік саны 1,9 млн асты

Қазақстандағы киік саны 1,9 млн асты
Фото: © iStock 24.05.2023 02:34 504

2023 жылғы әуе санағы деректеріне сәйкес киіктердің үш популяция саны биыл 597 мың басқа артты, яғни 45,3%-ға, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олардың ішіндегі ең көп Орал популяциясының саны 1,13 млн дарақ, Бетпақдала – 745 300, Үстірт – 39 700.

Естеріңізге сала кетейік, киіктердің санын анықтау мақсатында елімізде 15 сәуір мен 5 мамыр аралығында әуе санағы жүргізілді.

Аталмыш жануарларды санауға «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекция қызметкерлері, сонымен қатар Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының ғылыми мамандары жұмылдырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға