Жаңалықтар

Қазақстанда жыл сайын 20 мыңға жуық нәресте шала туады

Қазақстанда жыл сайын 20 мыңға жуық нәресте шала туады
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 23.07.2024 10:50 597

Елордада Денсаулық сақтау министрлігінің жетекшілігімен журналистер үшін Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында пресс тур ұйымдастырылды. Орталықта жылына 4 мыңға жуық бала дүниеге келеді. Оның ішінде 900-ге жуығы шала туады. El.kz  ақпарат агенттігінің тілшісі шала туған нәрестелерге қандай ем-дом жасалатынын көріп қайтты.

Қазақстанда жылына 400 мың бала дүниеге келеді. Оның ішінде шамамен 20 мыңы шала туады.  Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенованың айтуынша, Қазақстан бойынша жылына 600 балаға бірінші деңгейлі онкология қойылады.

Қазақстанда жыл сайын 20 мыңға жуық нәресте шала туады

Қазақстанда жыл сайын 20 мыңға жуық нәресте шала туадыҚазақстанда жыл сайын 20 мыңға жуық нәресте шала туады

Суреттер: El.kz/Арман МУХАТОВ

Бүгінде жалпы 4 мың бала диспансерлік есепте тұр. Оның ішінде мыңға жуық бала емдік қолдау алып жатыр. Ең көп кездесетіні – глюкоз, қан тамырлары аурулары. Екінші орында – қатты ісіктер. Үшінші орында – лимфомы, нефробластома, нейробластома аурулары кездеседі. Олар көбінесе 10 жасқа дейінгі балаларда тіркеледі, - деді Ембергенова.  

Сондықтан маман бала жоспарлау маңызды екеніне тоқталды.

Қазақстанда жыл сайын 20 мыңға жуық нәресте шала туады

Қазақстанда жыл сайын 20 мыңға жуық нәресте шала туады

Суреттер: El.kz/Арман МУХАТОВ

Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында 11 босану бөлмесі бар. Ол жерде ана мен бала денсаулығы үшін барлық жағдай жасалған. 

Қазақстанда жыл сайын 20 мыңға жуық нәресте шала туады

Сурет: El.kz/Арман МУХАТОВ

Бүгінде орталықтың реанимация бөлімінде 500 граммнан басталатын 22-36 апталық балалар ем алып жатыр. Олардың 30 пайызы салмағы тым аз балалар. Орталықтағы салмағы ең кіші бала – 463 келі. 

Қазақстанда жыл сайын 20 мыңға жуық нәресте шала туады

Сурет: El.kz/Арман МУХАТОВ

Сонымен қатар жүрегінде және өкпесінде ақаулары бар балалар үшін де ем жүргізіледі.

Реанимация бөлмесіндегі тыныштық деңгейін анықтап отыратын арнайы құрылғы орнатылған. Бұл нәрестелердің тыныштығын сақтауға мүмкіндік береді. 

Қазақстанда жыл сайын 20 мыңға жуық нәресте шала туады

Сурет: El.kz/Арман МУХАТОВ

Шала туған балаларды ауру деп қарастыруға болмайды, олардың тек мүше жүйелері толық дамымаған, оны дамытуға болады. Нәрестелер бірқалыпты дем ала бастағанда күтім бөлмесіне ауыстырамыз. Ол жерден нәрестенің салмағы 2 келіге жеткенде ғана шығарылады, - дейді маман.

Мамандар әр балаға жеке күтім жасайды. Нәрестелердің қан қысымын, жүрек тамырын тексеріп, бақылауда ұстайды. 

Қазақстанда жыл сайын 20 мыңға жуық нәресте шала туады

Қазақстанда жыл сайын 20 мыңға жуық нәресте шала туады

Суреттер: El.kz/Арман МУХАТОВ

Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының маманы Ботакөз Абубәкірқызы  бүгінде Қазақстанда УЗИ мамандары тапшы екенін айтты.

Қазақстанда жыл сайын 20 мыңға жуық нәресте шала туады

Сурет: El.kz/Арман МУХАТОВ

Қазақстанда нәрестелердің өлімі бойынша туа біткен ахаулардың пайда болу жағдайы екінші орында тұр. Ал мүгедектік бойынша нәрестелердің даму құрылымындағы ахауларға қатысты мәселе бірінші орында.  Еліміздегі бұндай ахуалдардың дерегін азайту үшін скринингтердің сапасын, мамандардың санын, медицинаның мүмкіндігін арттыру көзделген. Ахуал пайда болған жағдайда ата-аналар балаларына осындай орталықтарда ота жасауға мүмкіндік алады. Әрі қарай фиталды медицина деген бар, яғни құрсақтың ішіне операция жасау мүмкіндігі. Бұл тәжірибе Қазақстанда бар. Бірінші мастер класс Алматыда өтті. Екінші мастер класс осы орталықта өтіп жатыр, - дейді  Ботакөз Абубәкірқызы.

Қазақстанда жыл сайын 20 мыңға жуық нәресте шала туады

Сурет: El.kz/Арман МУХАТОВ

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенованың сөзінше, еліміздегі бедеулік пен белсіздік мәселесі де ушығып тұр. Бұрын елімізде әйелдер арасындағы бедеулік көрсеткіші жоғары болса, бүгінде ерлер арасындағы белсіздік те тым көбейіп кеткен.

Қазақстанда бедеулік өзекті мәселелердің бірі. Өкінішке қарай бұл дерт азаймай отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен бүгінде «Аңсаған бала» бағдарламасы жұмыс істейді. Бұл бағдарлама аясында жыл сайын экоға мемлекеттен 7 мың квота бөлінеді. Қаржы жағдайына байланысты квотаны ала алмайтын отбасыларға әлеуметтік қолдау да қарастырылған. Бүгінде елімізде эко жасайтын 20 орталық жұмыс істейді.  Дегенмен эко арқылы әйелдердің 30 пайызы ғана жүкті бола алады. Қазіргі таңда Қазақстан бұл бағытта оң нәтиже көрсетуде. Бірақ жастарымыз репродуктивті денсаулықтың осал екенін түсініп жатырмын, - деді Ембергенова.

Айтуынша, ерлер арасындағы белсіздіктің арту себептері – инфекциялық аурулардың пайда болуы,  ішімдік пен темекінің салдарынан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға