Жаңалықтар

Қазақстанда газбен жүретін көліктерге арнайы белгі орнатылады

Қазақстанда газбен жүретін көліктерге арнайы белгі орнатылады
Фото: gov.kz 02.01.2024 20:16 620

Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының бұйрығымен ҚазСтандарт әзірлеген «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары. Қолдану қағидалары» ұлттық стандартына өзгерту енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ережеге сәйкес, 1 қаңтардан бастап Қазақстанда газ баллон жабдығы бар көліктерге арнайы белгі жапсыру қажет.

Автокөліктерге газ қондырғысын орнатуда кейде тиісті қауіпсіздік талаптары орындалмай жатады. Мұндай көліктер адамдарға қауіпті болуы мүмкін. Осыған байланысты газ орнатылған автокөліктердің жабық тұрақтарға кіруіне тыйым салынған. Дәл осындай автомобильдерді анықтап, сәйкестендіру және мұндай тыйымдарды әкімшілендіру үшін арнайы белгі енгізілді, - дейді Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев.

Таңбада «GAS» деген жазу мен леп белгісі бар сары түсті теңбүйірлі үшбұрыш бейнеленген. Бұл белгі жабық паркингтерге кірген кезде көлік оңай танылатындай етіп орнатылуы тиіс.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға