Жаңалықтар

Қазақстанда бір тәулікте 202 адам коронавирус жұқтырған

8 адамның жағдайы ауыр
Қазақстанда бір тәулікте 202 адам коронавирус жұқтырған
Фото: iaea.org 31.12.2022 11:23 762

Кейінгі тәулікте 202 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

31 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 731 адам коронавирус инфекциясынан (–2 552+ және 179 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 259 пациент стационарда, 2 472 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 8 адамның жағдайы ауыр,

• 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға