Қазақстанда балық пен теңіз өнімдері 24%-ке қымбаттады

Өндіріс ішкі сұранысты қанағаттандырмайды
online.org
Фото: online.org 26.11.2022 00:33 202
Қазақстанда бір жылда балық пен теңіз өнімдерінің бағасы шамамен 24,3%-ке қымбаттады. Мұндай дерек energyprom.kz аналитикасында жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Оның ішінде жаңа ауланған немесе салқындатылған балық – 17,4%-ке, мұздатылған – 16%-ке, өңделген және консервіленген – 31,3%-ке қымбаттады. Өңірлік тұрғыда балық пен теңіз өнімдері бағасының Павлодар (42,5%-ке) және Маңғыстау (38,1%-ке) облыстарында, сондай-ақ Шымкентте (32,5%-ке) қатты өскен. Бағаның бір жылдағы ең аз өсімі Абай облысында тіркелді, онда баға 12,9%-ке өсті.
 
Өндіріс ішкі сұранысты қанағаттандырмайды
 
Осы жылдың қаңтар-қазан айларында елімізде 40,3 мың тонна жаңа ауланған, салқындатылған және мұздатылған балық өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 16,6%-ке артық. Негізгі өндіріс Атырау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарында шоғырланған.
 
Сондай-ақ басқа әдіспен дайындалған немесе консервіленген 8,8 мың тонна балық, уылдырық және оны алмастырғыштар өндірілді. Оның көлемі өткен жылмен салыстырғанда 22,2%-ға аз. Өндірістің ең көп көлемі Түркістан облысына тиесілі, мұнда 3,4 мың тонна өндірілді. Үздік үштікке Батыс Қазақстан (2,2 мың тонна) және Шығыс Қазақстан (702 тонна) облыстары да кірді.
 
2022 жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар өңделген және консервіленген балыққа, шаян тәрізділерге және ұлуларға сұранысты 53,6%-ке қамтамасыз етті. Бір жыл бұрынғы сұраныс 53,1%-ті құрады. Елімізге 32,9 мың тонна өнім әкелінді. Осы кезеңдегі өндіріс 38 мың тоннаны құрады.
 
Сондай-ақ, Қазақстан 14 мың тонна өнім экспорттады. Ішкі нарықтағы сату көлемі 4,1%-ке өсіп, 56,9 мың тоннаны құрады.
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Жаңалықтар

Логотип сайта adebiportal.kz Логотип сайта baigenews.kz Логотип сайта baq.kz Логотип сайта e-history.kz Логотип telegram канала elinfo_kz