«Қазақстан» РТРК жаңа маусымға арналған мазмұнды телевизиялық және радио жобалар топтамасын әзірлеуде.
«Qazaqstan» ұлттық телеарнасы жаңа телевизиялық маусымда көрермен сұранысына сай қоғамдық маңызы бар бірқатар жаңа жоба ұсынады.
Телеарна ақпараттық-сараптамалық, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси, мәдени-рухани, танымдық-ағартушылық және сазды-шығармашылық бағыттарды қамтымақ. Эфирде «Prime Era», «Qazaq creative», «Ізгілік формуласы» және «Таза сана» бағдарламалары жалғасын табады.
Жаңа жобалар қатарында прогрессивті ұлт мінезін қалыптастыруға шақыратын «Жасампаз ұлт», халықтың әл-ауқаты, өңірлердің дамуы, жаңа мүмкіндіктердің қалыптасуы және елдің болашақ әлеуетін көрсетуге арналған «Қарқынды құрылыс», заң шығару үдерісіндегі мәселелерді қарапайым әрі түсінікті тілмен түсіндіретін «Құрылтай», еліміздегі маңызды реформалар,мемлекеттік бастамалардың мәні мен қоғамға ықпалын кең аудиторияға жаңа стильде жеткізуге бағытталған «Қазақстан антологиясы»,мемлекеттік бағдарламалар мен азаматтарды қолдау шараларына арналған «Жауапты мемлекет» және Қазақстанның дамуына әртүрлі этнос өкілдерінің қосқан үлесін баяндайтын «Бір елдің перзенттері» жобалары бар.
20 жылдық үзілістен кейін экранға талантты жастарға үлкен сахнаға шығуға мүмкіндік беретін аты аңызға айналған «SuperStar KZ» байқауы қайта оралды және жоба жыл соңына дейін жалғасады.
2026 жылы «Qazaqstan» телеарнасы көрермен назарына 7 жаңа отандық телехикая ұсынады. Сюжеттер медицина, цифрлық қауіпсіздік, заң үстемдігі, еңбек, кәсіпкерлік, отбасылық құндылықтар және экологиялық мәдениет тақырыптарын қамтиды.
Солардың бірі – «Селт еткен сезім» телехикаясы. Қазақстанда отандық телехикая түсірілімі алғаш рет бірден 7 өңірді қамтиды. Түсірілім жұмыстары Сыр өңірінен бөлек, Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе, Алматы, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында жалғасады. Туынды арқылы ішкі туризмді дамыту, «Таза Қазақстан», «Заң мен тәртіп» қағидаларын насихаттау, сондай-ақ ел өңірлерінің табиғаты мен ерекшелігін кеңінен таныту көзделген.
Жаңа телехикаялар қатарында:
Сонымен қатар телеарна деректі фильмдер цикліндайындауда. Олардың қатарында жасанды интеллект көмегімен жасалған Алтын Орданың тарихы мен мұрасын баяндайтын «Алтын Орда»,Үстірттің сирек кездесетін жануары – арқар туралы«Үстірт арқары», Алтайдан Анадолыға дейінгі ұлы Тұран кеңістігіндегі бауырлас елдердіңгенетикалық жадысын ою-өрнек призмасы арқылыбаяндайтын «Ою», Жайық, Сырдария және Ертіс өзендеріне арналған «Өзен жағалап...» және Сиверс алмасының жабайы түрі және оның бірегей генетикалық қорын сақтау мәселесін көтеретін «Соңғы алма» сияқты бас-аяғы 18 деректі фильмбар.