Жаңалықтар

Қазақстан құрамасы «Turan Barysy» кубогының жеңімпазы атанды

Тұңғыш рет өткен «Тұран Барысы» Азия Кубогында топ жарды
Қазақстан құрамасы «Turan Barysy» кубогының жеңімпазы атанды
Фото: facebook.com 29.10.2022 21:09 2670

Қазақстан құрамасы қазақ күресінен тұңғыш рет өткен «Тұран Барысы» Азия Кубогының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz.

Халықаралық жарыста жеті елден келген балуандар 7 салмақта (командалық) сынға түсті. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы финалдық сында Өзбекстан балуандарын 4:3 есебімен жеңіп, тұңғыш рет өткен «Тұран Барысы» Азия Кубогында топ жарды.

Ал үшінші орын Қырғызстан құрамасының еншісінде. Олар қола жүлде үшін өткен тартысты белдесуде Әзірбайжан балуандарынан басым түсті.

Алғаш рет ұйымдастырылған күрес сайысында бірінші орын алған команда 10 000 000 теңге көлемінде қаржылай сыйлық алса, екінші орынға — 6 000 000, үшінші орынға — 4 000 000 қаржылай сыйлық және тайқазан кубогы табысталды.

Қазақ күресінен «Тұран Барысы» Азия Кубогының толық нұқсасын «Qazsport» арнасының Youtube каналынан көре аласыздар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға