Жаңалықтар

Қазақстан Халық партиясының кезектен тыс съезі өтті

Партия мүшелері бірнеше мәселені ортаға салды
Қазақстан Халық партиясының кезектен тыс съезі өтті
Фото: El.kz 30.01.2023 16:20 1148

Қазақстан Халық партиясының кезектен тыс ХХІІІ съезі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

ҚХП төрағасының орынбасары Талғат Темірханов съезде сөйлеген сөзінде энергетика, өнеркәсіп саласына қатысты бірқатар мәселелер барын айтып, негізгі салаға көп көңіл бөлу керектігін айтты. 

«Елдің негізгі салалары үлкен сын-қатерлерге тап болуда. Кәсіптік даярлау жұмыстары бірінші орында тұруға тиіс. Азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Осының бәрі ірі өнеркәсіп қағидаттарының біріне айналуы керек. Өнеркәсіпке білікті мамандарды тарту қажет», - деді. 

Бұдан бөлек, съезде Қазақстан аналарының бірлестігі» корпоративтік қорының жетекшісі Гаухар Танашева ҚХП көпбалалы аналарға ерекше қолдау қажет екендігін айтты. 

«Біздің партия халықты тыңдап, олардың күнделікті мәселелерін шешеді. Біздің партия қарапайым халықтың жағдайын бірінші орынға қояды. Бүгінгі таңда 500 мыңнан астам көп балалы отбасылар бар. Оның ішінде толық емес отбасылар мен ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған жанұялар. Елімізде әрбір алтыншы бала жағдайы төмен отбасында өсіп жатыр партиямыз аналарды қолдайды. ҚХП төрағасы аналармен бірнеше рет кездесу өткізді», - деді ол. 

Съезде «Отандас Ел» ҚБ президенті Мұқан Мамытқан көшіқон кезінде жер беру, жұмысқа орналастыру сынды бірқатар мәселені ортаға салды. 

«Менің 27 жыл бойы айналысып жүрген мәселемнің бірі көшіқон. Шетелден елден қазақтарды елге қоныстандыру – қазақ ұлтының тағдырына, ұлтымыздың болашағына қатысты өте дұрыс шешім. Қандас мәселесін шешуде ҚХП төрағасы Ермұхамет Ертісбаев ерекше қолдау көрсеткен еді», - дейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға